БӘЙГЕ: Түркияға жолдама ұтып ал!

12 Ақпан, 2019 5033 0

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы бәйге жариялайды

Buginnen basta ұранымен келе жатқан Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы кезекті Бәйгесін жариялап отыр. Бұл туралы платформа әкімшілігі хабарлайды.

Байқау шарты мен жүлделер туралы ақпарат төмендегі ережелер бойынша жүзеге асады. Байқауда бірнеше бағалы сыйлықтар мен Түркия еліне жолдама ұсынылып отыр. 

Байқауға қатысу үшін кез келген автор сайтқа тіркелуі керек. Тіркелу арқылы өздерінің мақалалары ұсына алады. Ұсынған мақалаларды сайт әкімшілігі қараудан өткізіп жариялайды. Жарияланған мақала "b." көрсеткішін жинау арқылы есепке алынады. 

"B." көрсеткішті қалай жинаймыз?

Аталған көрсеткішті жинау кезінде тәуелсіз автор мақаланы бөлісу арқылы, оған лайк және пікір жинау арқылы, көрілім мен еш жерден көшірмегенін анықтайтын арнайы формула негізінде анықтайды. Мысал ретінде төмендегі "танымал авторлар" бағанын ұсынып отырмыз:

Бәйге шарттары:

"Финанс" тақырыбы

Bugin.kz платформасында  "Финанс" айдары бар. Осы айдарға арнайы қаржы, экономикаға байланысты кез келген мақала қабылданады. Зерттеу мақала, сұқбат, журналистік зерттеу т.б жұмыстар жатады. 

Тәуелсіз автордың мақала санына шектеу жоқ. Ең кемі барлық жазған мақалалары 50 000 (елу мың) "b." көрсеткішін жинаған кезде жеңімпаз болып саналады. 

"Қазақстан Travel" тақырыбы

Аталған тақырып бойынша тәуелсіз автор төмендегі бірнеше нұсқадағы мақаланы ұсына алады:

– Қазақстандағы туризм;

– Көрікті жерлер (фоторепортаж, видео)

– Киелі жерлер туралы мақала және т.б

Аталған тақырып бойынша автор кем дегенде 90 000 (тоқсан мың) "b." көрсеткішін жинауы керек. 

Lifestyle тақырыбы

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасындағы басқа айдарларға кез келген мақала беру:

– Поэзия

– Проза

– Woman (Әйелдер бөлімі)

– Саясат

– Денсаулық

– Спорт

– Weekend (танымдық-ақпараттық мақалалар)

Бұл тақырып бойынша автор кем дегенде 100 000 (жүз мың) "b." көрсеткішін жинауы керек. 

Бәйге 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін жалғасады. Сәуір айының алғашқы он күндігінде байқау жеңімпаздары белгілі болады. 

Бүгінгі басты жаңалықты сен бірінші болып жаз!

Бүгінгі ең өзекті мәселені сен бірінші болып жаз!

Бүгінгі руханияттың отын сен бірінші болып жақ!

Байқауға қатысушы барлық тәуелсіз авторларға сәттілік тілейміз!




Тегтер: Байқау, журналист, жүлде, жолдамаТүркия

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.