Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды 4G және 5G мұнарасынан қорықпауға шақырды, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бұл антенналарға үреймен қараудың керегі жоқ. Олардан бөлінетін радиотолқынның мөлшері микротолқынды пешпен бірдей. Кейбір тұрғындар базалық станцияны үйден алып тастауды сұрайды. Себебі, олар радиотолқын шығарады екен. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тиіс норма сақталып отыр. Қазақстандықтардың назарын осы мәселеге аудартқым келеді. Интернеттің сапасына қатысты мәселе бар екенін мойындаймыз. Бірақ бұл бір күнде шешілетін мәселе емес, олар инфрақұрылымдық жобалар болып саналады", - дейді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Бағдат Мусин интернеттің сапасына қатысты мәселені қысқа мерзімде шешу мүмкін емес екенін атап өтті. Ол әрбір үйге оптикалық-талшықты кабель жүргізісі келетінін, бірақ оның құны өте қымбат екенін айтты.