weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтауда 35 жастағы ер адам 13 жастағы қызға интим сипаттағы сурет жіберуге мәжбүрлеген

Ақтауда 35 жастағы ер адам 13 жастағы қызға интим сипаттағы сурет жіберуге мәжбүрлеген

Ақтауда 35 жастағы ер адам 13 жастағы қызға интим сипаттағы сурет жіберуге мәжбүрлеген
ашық дереккөзі
 width= Ақтауда 13 жастағы қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ақтауда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде 13 жастағы қызбен хат алмасып, оны интим сипаттағы сурет жіберуге мәжбүрлеген 35 жастағы ер адам ұсталды. Хат алмасу кезінде ол кәмелетке толмаған қызды жалаңаш суретін жіберуге көндірген, кейін қосымша фотолар жібермеген жағдайда оны әлеуметтік желілерде таратамын деп қорқытқан", - делінген хабарламада.
 ІІМ өкілдері ер адам маусымда ұсталғанын айтты. Қазір ол кәмелетке толмағандарды азғырғаны және порнография таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды.
Полицейлер ата-аналарды балалары қызығатын контентті мұқият зерттеп, телефондарын заңмен тыйым салынған материалдардың бар-жоғына тексеруге шақырды.