Жаңалықтар

Күзде 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады

Күзде 17 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады

 width= Қазақстанда биыл күзгі шақырылымда 17 мыңнан астам азамат әскерге алынады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. «Азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмыстарына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 17 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы ер азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр. Әскерге шақыру және белгіленген мерзімде запасқа шығару кезінде қолданыстағы заң басшылыққа алынады», - деді Сәкен Жүсіпов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.
«Бұдан бұрын да айтылып жүргендей Қазақстан Қарулы күштерінде коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеу шаралары жүзеге асырылады. Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша әскерге шақыру және жиын-пункттерінде, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитариялық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді. Оның нәтижесінде әскери ортаға коронавирустың жаппай таралуына жол берілген жоқ», - деді ол.