Қазақстанда қараша мен желтоқсан айларында коронавирус індетінің өршуі тіркелуі мүмкін. Мұндай болжамды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта болжам жасаумен айналысып жатырмыз. Ең нақты болжам екі апталық кезеңге жасалады. Күн сайын қолымызға түсіп отырған көрсеткіштер ауытқып тұрады. Толықтай алғанда, қазіргі уақытта бұл болжамдар маска тағатын, яғни әлеуметтік арақашықтық пен маска режимін сақтайтын адамдардың жалпы пайызына байланысты. Дәл осыған ауруға шалдығу болжамы тікелей байланысты. Ауруға шалдығуға қатысты болжам жасау үшін қазіргі уақытта азаматтардың қарым-қатынасты қаншалықты қысқартқандығын білуіміз қажет», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Індеттің таралуына күнделікті моноторинг жүргізіледі.
«Шамамен қараша мен желтоқсан айлары кезеңінде өсім болуы мүмкін деп отырмыз. Бұл екінші толқынның орын алуы мүмкіндігімен, өткір респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмаудың өршуімен байланысты», - деді Алексей Цой.