Жаңалықтар

15 сәуір қандай күн екенін білесіз бе?

15 сәуір қандай күн екенін білесіз бе?

Қазақстанда ғашықтар күні. 2011 жылы қаңтарда Алматы қалалық мәдениет басқармасы, жастар саясаты басқармасы және әкімдіктің баспасөз қызметі шаралар жоспарына «Ұлттық ғашықтар күнін» енгізді. Бұл құжатқа сәйкес Ұлттық ғашықтар күні 15 сәуірде аталып өтілетін болып белгіленді. Мереке 13-14 ғасырлардағы қазақ эпосының кейіпкерлері - Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббатына арналған. Халықаралық мәдениет күні. 1935 жылдың 15 сәуірінде көркем және ғылыми мекемелер мен тарихи ескерткіштерді қорғау туралы халықаралық келісім - Рерих Пахтісінің қабылдануына орай құрылды. 15 сәуір күні Халықаралық мәдениет күнін белгілеу туралы ұсынысты 1998 жылы Мәдениетті қорғау халықаралық лигасы жасады. Бұл - 1996 жылы Халықаралық Рерих орталығымен құрылған қоғамдық ұйым. Дүниежүзілік өнер күні. Халықаралық өнер қауымдастығымен (IAA) құрылып, алғаш рет 2012 жылы атап өтілді.15 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар 1912 жылы Атлант мұхитында мұзтаумен соқтығысқан "Титаник" кемесі суға батты. Апатта 1496 адам көз жұмды; 1924 жылы АҚШ-та әлемдегі тұңғыш автокөлік жолының атласы шықты; 1951 жылы Лондонда алғашқы "Әлем аруы" байқауы өтті; 1955 жылы Иллинойс штатындағы Дез-Пленз қаласында Рэй Крок өзінің бірінші McDonald’s мейрамханасын ашты. 15 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар  1395 жылы Терек өзенінің бойындағы шайқаста Тоқтамыс қолы  Әмір Темір әскерінен жеңілді; 1946 жылы Ұлы отан соғысы жылдары Ақтөбеге көшіріп әкелінген поляк балаларына арналған балалар үйі жабылды. Өйткені 117 бала отанына оралды (1945 жылдың 6 шілдесіндегі Польша мен КСРО арасындағы келісімге сәйкес); 1966 жылы Атырау қаласында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ашылды; 1993 жылы Қазақстан республикасының Бельгия корольдігінде елшілігі ашылды; 2008 жылы тарихта алғаш рет "Шоқан Уәлиханов" атындағы қазақстандық яхта Атлант мұхитын жүзіп өтті.