weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде төтенше жағдайлар министрлігі құрылды

Елімізде төтенше жағдайлар министрлігі құрылды

Елімізде төтенше жағдайлар министрлігі құрылды
ашық дереккөзі
 width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде төтенше жағдайлар министрлігі құрылды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру саласындағы қызметі берілсін", - делінген президенттің жарлығында.
Сонымен қатар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.