Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін
Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін
Коронавирус пандемиясы салдарынан азық-түлікті жеткізуде қиындықтар туындады. Бұл азық-түлік дағдарысына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүние жүзінде азық-түлік жетіспеушілігі байқалмайды, бірақ тамақтың бағасы өсіп жатыр. БҰҰ деректеріне сәйкес, 2020 жылғы тамызда азық-түлік бағасы айтарлықтай өсіп, ақпан айынан бергі жоғары көрсеткішке жеткен.
Қытайдың статистика бюросы ҚХР-да тамызда тамақтың бағасы (өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда) 11 пайыздан аса қымбаттағанын хабарлады.
"Көптеген елдің азық-түлік қауіпсіздігіне коронавирус пандемиясы кезіндегі жеткізудің жүйелі түрде орындалмағаны соққы болды. Фермерлер мен шағын бизнес тез бұзылатын тауарларын жеткізе алмаған соң шығынға батты. Сондай-ақ тыңайтқыш пен тұқым жеткізуде қиындық болды, егінді дер кезінде жинайтын маусымдық жұмыс күшінің келуіне шектеу қойылғаны да кедергі болды", - деп жазады басылым.
Еске салайық, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырған болатын. Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Соған қарамастан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн.