Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін

Әлемде азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін

ашық дереккөзі

 width= Коронавирус пандемиясы салдарынан азық-түлікті жеткізуде қиындықтар туындады. Бұл азық-түлік дағдарысына себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Дүние жүзінде азық-түлік жетіспеушілігі байқалмайды, бірақ тамақтың бағасы өсіп жатыр. БҰҰ деректеріне сәйкес, 2020 жылғы тамызда азық-түлік бағасы айтарлықтай өсіп, ақпан айынан бергі жоғары көрсеткішке жеткен. Қытайдың статистика бюросы ҚХР-да тамызда тамақтың бағасы (өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда) 11 пайыздан аса қымбаттағанын хабарлады. "Көптеген елдің азық-түлік қауіпсіздігіне коронавирус пандемиясы кезіндегі жеткізудің жүйелі түрде орындалмағаны соққы болды. Фермерлер мен шағын бизнес тез бұзылатын тауарларын жеткізе алмаған соң шығынға батты. Сондай-ақ тыңайтқыш пен тұқым жеткізуде қиындық болды, егінді дер кезінде жинайтын маусымдық жұмыс күшінің келуіне шектеу қойылғаны да кедергі болды", - деп жазады басылым. Еске салайық, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырған болатын. Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Соған қарамастан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн.

Жүктелуде...