Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дәстүрлі оқыту форматына байланысты: министрлік бірнеше ұсыныс жасады

Дәстүрлі оқыту форматына байланысты: министрлік бірнеше ұсыныс жасады

Дәстүрлі оқыту форматына байланысты: министрлік бірнеше ұсыныс жасады
ашық дереккөзі
 width= Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі білімге беруге көшуге қатысты бірнеше ұсыныс жасады. Олар денсаулық сақтау министрлігінде қаралатын болады. Бұл туралы вице-министр Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.
"Білім министрлігі де ата-аналар мен педагогтар сияқты мектептердің жұмысын штаттық режимде қалпына келтіруді қалайды. Осыған байланысты біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай дәстүрлі білімге көшудің бірнеше жолын ұсындық", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, министрлік мектептерді жергілікті биліктің шешімімен ашуды ұсынып отыр. Өйткені әр аймақта санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Сосын ондай шешім жергілікті санитарлық дәрігермен келісіп жасалуы қажет.
"Біздіңше, бұл – ең дұрыс тәсіл. Себебі жеріміз кең және әр жерде эпидемиологиялық ахуал әртүрлі. Осындай ұсыныс бар", - деп атап көрсетті Каринова.
Мектептердің жұмысын жандандыруға қатысты басқа да ұсыныстар бар. Бірақ вице-министр оны ашып айтпады.
"Біз соның бәрін жұмыс тәртібі бойынша денсаулық сақтау министрлігімен пысықтап жатырмыз. Бүге-шүгесіне дейін қарастырудамыз. Әрине, басты міндет – балалардың денсаулығын сақтау. Сол себепті дұрыс шешім қабылдау қажет. Ол жайында қосымша хабарлайтын боламыз", - деді Каринова.
Айта кетейік, биылғы жолдауда мемлекет басшысы санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырған болатын.  

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату