Еліміздің онлайн оқу платформаларына өзге елден жойқын шабуыл жасалды
Еліміздің онлайн оқу платформаларына өзге елден жойқын шабуыл жасалды

"Бүгін OnlineMektep Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің қорғауы арқасында шабуылға төтеп берді. Бүгінгі сыртқы DDoS шабуыл платформаға он есе артық салмақ түсірді. Бұл – Қазнет тарихындағы ең үлкен цифрлық шабуылдың бірі", - деді жоба жетекшісі Санжар Кенжеханұлы. Сондай-ақ, желіде платформа қолданушыларының жеке аккаунтарын бұзуды ұсынатын қаскүнемдер пайда болды. Мұндай қылмыстық әрекет туралы ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі.Құрастырушылар цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіне алғыс білдірді. Ведомстволар мәселені шешуге қолдау көрсеткен. Айта кетсек, OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс.