Медицина мамандығына сұраныс көбейді
Медицина мамандығына сұраныс көбейді

«Біздің бақылауымызша, медициналық мамандықтарға сұраныс артқан. Себебі, абитуриенттер саны көбейіп отыр. 1500 жуық адам құжат тапсырған. Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 20 маусымынан бастап онлайн жүргізілді», - деді Светлана Сұлтанғазиева.Маман мұндай үрдлісті заңдылық деп бағалап отыр. Себебі, коронавируспен күресте алдыңғы қатарға медицина кадрлары жұмылдырылған болатын. «Эпидемияның шарықтау шегінде стационарларда 4500 медицина қызметкері жұмыс істеген. Дәрігерлер, медбикелер, зертханашылар. Бұл жұмысшылардың барлығы батырлар десек те болады»,- деді ол. Сондай-ақ, медицина мамандарына сұраныс жасына қарай да артқанын айта кету керек. Биыл абитуриенттердің жасы 54-ке жетті. Медбике ісі мамандығына 482 адам (56,3%) тапсырған.