Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келмек
Қытайдың сыртқы істер министрі Қазақстанға келмек

"Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Моңғолия сыртқы істер министрлерінің шақыруымен сыртқы істер министрі Ван И 10-16 қыркүйекте Ресейге аттанып, ШЫҰ сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады, сонымен қатар осы төрт елге сапармен барады", - деді Чжао Лицзянь.Шанхай ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы 9-10 қыркүйекте Мәскеуде өтеді. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өзінің ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесетіні белгілі болды. Кездесу барысында екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың басты тақырыптарын талқылау жоспарланған.