Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстандық көзінің түсін өзгертемін деп, көру қабілетін нашарлатып алды

Қазақстандық көзінің түсін өзгертемін деп, көру қабілетін нашарлатып алды

Қазақстандық көзінің түсін өзгертемін деп, көру қабілетін нашарлатып алды
ашық дереккөзі
 width= Жүз пайыз көретін жанарынан сұлулықтың соңынан кетіп айырылып қала жаздаған. Үндістанға барып көзінің қоңыр түсін жасылға өзгерткен отандасымыз қызығын бір жылға жуық уақыт қана көрген екен. Осыдан кейін түрлі қиындықтар пайда болып, Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтына жүгініпті. Мамандар дер кезінде ота жасап жасыл түсті қабығын алып тастаған. Осылайша сол көзінің 60 пайызын сақтаса, оң көзін жақсарту мүмкін болмапты. Нәзік жанды енді жанарын қалпына келтірумен әлек. Ақ халаттылар көзінің қабығын қайтадан өзгертіп, ұзақ жыл ем алатынын жеткізді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. «Науқасқа болашақта көзінің қабығын керопластика арқылы ауыстыру қажет. Сонымен қатар өмір бойы ине арқылы тамшыларға тәуелді болып қалады. Сәндік үшін мұндай қадамға баратындарға кеңес бермейміз. Оны түрлі-түсті линзалармен ауыстыруға болады. Өйткені жанардың қабығы тым жұқа. Сондықтан өзгертемін деп өмір бойы зағип болып қалуыңыз мүмкін», - дейді офтальмохирург Гүлнар Жургумбаева.