Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Депутаттар маңызды мәселе көтерді: Білім беруде дәстүрлі форматқа ораламыз ба?

Депутаттар маңызды мәселе көтерді: Білім беруде дәстүрлі форматқа ораламыз ба?

Депутаттар маңызды мәселе көтерді: Білім беруде дәстүрлі форматқа ораламыз ба?
ашық дереккөзі
 width= Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова қашықтан оқыту форматының тиімділігіне күдік келтіріп, премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "Халқымыз өз тарихында сан алуан жағдайға тап болған. Соғыс жылдары, тіпті, сүзек, оба мен туберкулез сияқты аурулар өршіп тұрғанда ел бойынша мектептер жабылған жоқ. Сабақтар дәстүрлі түрде өткізіліп тұрған. Бірақ санитарлық нормалар қатаң сақталды", - дейді Смирнова. Депутаттың айтуынша, бұрын санитарлық нормаларды сақтау оңай болған жоқ. Себебі заман басқа, елдің жағдайы да басқаша еді. Ал қазіргі кезде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуге болады. Оған барлық мүмкіндік бар. Соған қарамастан, мектептер мен жоғары оқу орындары көбінесе қашықтан жұмыс істейді. Осының салдарынан білімнің сапасы төмендеді. Балалардың техникалық мүмкіндігі бірдей емес. Содан білім алу жағынан теңсіздік анық байқалған. Ата-аналар болса, жұмыс істеудің орнына балалардың жанында отыруға мәжбүр. "Ал санитарлық қызметтер қашықтан оқытудың тиімділігін нақты түсіндіре алмай отыр. Олар көбінесе мәжбүрлеу, тыйым салу мен жазалау форматында жұмыс істейді. Өздерін ғана ойлайды, салдары тиіп кете ме деп қорғанады", - деп атап өтті Смирнова. Оның ойынша, санитарлық қызметтер жауапкершіліктен де қашады. Оларға қандай да бір жағдайда нақты эпидемиологиялық шараларды қолға алудың орнына бәрін жауып тастаған тиімді. Осы ұстанымның кесірінен бизнес шығынға ұшырып, жұмыс орындары жабылып жатыр. "Осыған байланысты коммунист депутаттар қазіргі қағидаттарды өзгертіп, қашықтан білім беруді дәстүрлі және аралас режимге ауыстыруды талап етеді. Әрине, санитарлық нормалар сақталуы шарт. Білім және ғылым министрлігі оқушыларға білім алуға тең жағдай жасауы тиіс", - деді Смирнова.