Жаңалықтар

Салымшылар зейнетақы жинағын қолма-қол алмайды - Еңбек министрлігі

Салымшылар зейнетақы жинағын қолма-қол алмайды - Еңбек министрлігі

 width= Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV тікелей эфирінде тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай берілетінін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Виктория Шегайдың айтуынша, зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейді. "Қаражаттың сол мақсат бойынша жұмсалуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Яғни, зейнетақы жинағын қолға алғысы келетін салымшылар ала ма деп айтатын болсақ - жоқ. Оператор тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін "Отбасы банк" мәселесін қарастыруды ұсынады, бұл Қазақстанның бүгінгі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, яғни ол арқылы осы ақша мақсатты түрде жұмсалады", - деді Шегай. Еске салайық, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. 2021 жылдан бастап белгілі санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады.