Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Zoom-да онлайн оқу кезінде кезекті келеңсіздік орын алды

Zoom-да онлайн оқу кезінде кезекті келеңсіздік орын алды

Zoom-да онлайн оқу кезінде кезекті келеңсіздік орын алды
ашық дереккөзі
 width= Zoom арқылы онлайн оқу - оқу емес, жынойнаққа айналды! Балалары сабақ үстінде порнографиялық видео көруге мәжбүр болған Елорда мен Алматыдағы ата-аналардың басындағы жағдай Ақтөбеде де қайталанды. Атап айтқанда, математика сабағының үстінде біреулер аузына келгенін айтып, бейәдеп диалог жүргізген. Бассыздыққа шыдамаған ата-аналар әлеуметтік желіде бас педагогтан араша сұрады. Ұстаздың көзінше оқушыларды анайы әңгімеге тартқан кім? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Ыңғайсыз жағдай Ақтөбенің беткеұстар мектеп-гимназиясындағы онлайн сабақтың үстінде болыпты. 6-сыныпта математика сабағы жүріп жатқан. Қайдан шыққаны белгісіз, сабақта отырғандардың бәрінің көзі анайы диалогқа түседі. Мұны көздері шалып қалған ата-аналар дереу анонимді түрде әлеуметтік желіге салған. «Кеше чатқа біреулер кіріп, аузына келгенін жазған. Бұл баланың жүйкесіне өте ауыр тиеді. Бұдан кейін зумнан бас тартудан басқа амал жоқ". «Бізде сабақтың үстінде трансляцияға қазақстандық актер қосылып кетті. Қайдан шыққанын түсінбедік. Кейін мұғалім оны өшіріп тастады чаттан". Білім алудың орнына балалары балағат сөздер тыңдап, анайы нәрселердің куәсі болғанына алаңдаған кейбір ата-ана жұмысты қойып, енді өздері бас-көз болуға бел буыпты. «Мен балаларым қашықтан оқиды дегеннен жұмыстан бас тарттым. Үлкенім 4-сыныпта, онлайн оқиды, ол өз бетінше сабағын орындайды. Ал 1-сыныпқа барған қызыма өзім көмектесемін», - дейді қала тұрғыны Әлия ТӨЛЕГЕНОВА. Облыстық білім басқармасындағылар бұл 6-сыныптағы балалардың ісі емес екеніне сенімді. «Ол сырттың адамы емес. Сабақ өтіп жатқанда оқушының атымен ZOOM платформасына кіреді. Балағат сөзін айтқан. Кейін мұғалім бірден ол баланың атымен кірген адамды платформадан шығарып тастайды. Одан кейін ол екінші адамның атымен тағы кіреді. Әрекетін қайта қайталайды. Кейін ZOOM платфомасы солайымен жабылып қалады», - дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлназ МЫРЗАҒАЛИЕВА. Болған жағдайдан кейін мектеп басшылығы дереу мұғалімнен түсініктеме алыпты. Ұстаз - зейнеткерліктегі адам екен. Бір жолға ескерту берген. «Сабақ беретін зейнеткер мұғалім. Горбачева Ирина Федоровна «ZOOM-да» конференция өткізгенде ашық түрінде қалдырған. Үлкен апай болған соң оны қалай жабу керектігін өзі де білмеген. Анайы сөздер жазған адам бірнеше рет кірген. Бірінші Нұртас-2, екінші рет Бекназар-2 деген атпен кірген», - дейді №17 мектеп-гимназиясының директоры Амангелді ОҢҒАРБАЕВ. IT мамандар бұл жерде ZOOM платформасына кибершабуыл жасалды деу қисынсыз деп отыр. Әдетте, шабуыл веб-серверлерге қауіп төндіретіндігімен түсіндірді. «ZOOM-дағы белгілі бір аудиторияда ғана болып жатқан онлайн дәрісте шабуыл сырттан болмайды. Ол жерде тек ұйымдастырушылардың қателігі болады. Мұғалім бұл жерде демонстарция экрананын сөндіріп қою керек еді. Сонымен қатар индинтификатор нөмірін әр дәрісте ауыстырып отыру керек», - дейді ІТ маманы Сұлтанбек ҚАБЫЛОВ. Ақтөбенің білім басқармасы онлайн сабақтың берекесін алған адамды анықтау үшін ішкі істер органдарына шағым түсірген. Қандай шара қолданатынын да солар шешеді. Алматылық полицейлер де ZOOM-дағы оқу кезінде анайы видео қосқандарды іздеп жатыр.