Беларусь оппозициясы қорғаныс жасағын құруда: азамат соғысы бола ма?

Беларусь оппозициясы қорғаныс жасағын құруда: азамат соғысы бола ма?

ашық дереккөзі

 width= Беларусь оппозициясы халықтық қорғаныс жасақтарын құратын болды. Бұл туралы NEXTA Live telegram-каналы жазды. Халықтық қорғаныс жасақтары Беларусь қалаларындағы аудандарда пайда болып, аулалар мен көше қиылыстарын бақылауға алмақ. Оларды бағыттау, басқару оппозиция тарапынан жабық чаттарда іске аспақ. Халықтық қорғаныс жасақтарының мақсаты жағдайды бақылау, оппозициялық шерулерді қадағалау болып табылады. Осылайша оппозиция шеру сәтінде қауіпсіздікті қадағалап, егде жастағы наразы жандарға көмектесіп, арандатудың алдын алмақ екен.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...