Мемлекет басшысы Берік Имашевты қабылдады

Мемлекет басшысы Берік Имашевты қабылдады

ашық дереккөзі

 width= Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады. Президентке осы жылдың 12 тамызында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстанның сайлау органдарының пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі және сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қызметтермен бірлесіп өткізілген шаралар кешені талқыланды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.  

Жүктелуде...