Жаңалықтар

«Қазақ радиолары» ЮНЕСКО хабарламаларына үн қосады

«Қазақ радиолары» ЮНЕСКО хабарламаларына үн қосады

Коронавирус індеті жаһандық пандемияға айналды. Қазақстан да осы апаттың зардаптарын бастан кешуде. Қазіргі жағдайда әрбір қазақстандық мемлекеттің  індетпен күресу, алдын алу іс-әрекеттерін қолдауы қажет. «Қазақ радиолары» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.  Төтенше жағдайларда радионың ақпарат тарату мен тұрғындарды апаттан құтқаруне сақтандырудағы орны ерекше.  100 жылдық тарихы бар  радио елдегі ең ірі хабар тарату желісі. Мұны халықтың 90% -дан астамы, сонымен қатар Ресей, Қытай, Қырғызстан және Өзбекстанның шекаралас аймақтарының тұрғындары тыңдайды. Сондықтан, қазақ радиосы эфирінен тараған әр ақпарат тыңдармандардың көңіліне жақын, сеніміне берік. ЮНЕСКО жалған ақпаратпен күресу бастамасын қолдауға шақырады. ЮНЕСКО бүгінде вирустың таралуының  алдын-алу, қорғау,  жалған ақпаратқа қарсы тұру үшін әлемдегі радиостанцияларды жұмылдырды. COVID-19 вирусының таралуының алдын алу  жалған ақпаратқа қарсы тұру – басты ақпарат болып отыр. COVID-19 туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЮНЕСКО әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиостанциялар еркін пайдалана алатын бірқатар аудио хабарламаларды шығарды. ЮНЕСКО бұл ресурстарды вируспен бірге сенімді емес ақпараттың зиянды салдарының алдын алу үшін ұсынды. Қысқа аудио хабарламалар індеттің алдын алу шаралары туралы пайдалы ақпарат береді, вирус туралы аңыздарды таратпау,  ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Бұл хабарламалар тек ағылшын, француз, испан және араб тілдерінде таратылатын болса, қазір олар қазақ тілінде тыңдарманына жол тапты. Дыбыстық клипті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика кафедрасының баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының шығармашылық тобы дайындады. Қазақ тіліне профессор Гүлмира Сұлтанбаева, орыс тіліне PhD докторант Айтолқын Ашимова аударды. Дыбыстаған PhD докторы Зарина Буенбаева. Дыбысқа жауапты саунд Советхан Қоңырбаев («Қазақ радиосы» Алматы студиясы). Аудио хабарламалар кез-келген тыңдаушыға қол жетімді. Олар тегін жүктеледі және әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттік, жеке және қоғамдық радиостанциялар эфирге тарата алады. «Қазақ радиосы» - шынайы және объективті ақпарат таратуға шақырады.