Жас жұбайлар некесі қиылғаннан кейін 3 минуттан соң ажырасуға өтініш берді

08 Ақпан, 2019 1045 0

Кувейтте екі жас некелері қиылғаннан кейін бірнеше минуттан соң ажырасып кетті деп жазады  РИА Новости.

Неке қию рәсімінен кейін жас келін аяғы тайып құлап қалған. Ер адам оны тұрғызудың орнына күліп, «жынды» деп келемеждеген. Бұны естіген әйел жылап, дәл сол жерде некесін қиған адамға ажырастыруын сұраған. 

Жас жұбайлар небәрі 3-ақ минут ресми некеде болып, рекорд жаңартты. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде неке қиылған соң 15 минуттан кейін ажырасып кеткен отбасы болған. 

Тегтер: ажырасу, отбасын, құру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.