Өткен тәулікте елімізде жеті адам қайтыс болды
Өткен тәулікте елімізде жеті адам қайтыс болды
Елімізде өткен тәулікте коронавирустан алты адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
"Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 239 адам жазылып шықты. Ал пневмония 16 адамнан анықталды, 217 адам жазылып шықты", – делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде коронавирустан 4 892 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатса, 2 212 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 142 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 16 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.