Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
8 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өткен тәулікте елімізде жеті адам қайтыс болды

Өткен тәулікте елімізде жеті адам қайтыс болды

Өткен тәулікте елімізде жеті адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Елімізде өткен тәулікте коронавирустан алты адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. "Өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 239 адам жазылып шықты. Ал пневмония 16 адамнан анықталды, 217 адам жазылып шықты", – делінген хабарламада. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, қазіргі кезде коронавирустан 4 892 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 32 бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатса, 2 212 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Науқастардың арасында 142 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 16 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату