ДДҰ басшысы жаңа пандемияға дайын болу керектігін ескертті
ДДҰ басшысы жаңа пандемияға дайын болу керектігін ескертті

"Бұл соңғы пандемия емес. Тарих бізге індет пен пандемия өміріміздің бір бөлігі екенін көрсетіп жатыр. Бірақ келесі пандемия келгенде барлық мемлекет оған дайын болуы керек", - деді ДДҰ басшысы.Айта кетейік, ДДҰ басшысының мәлімдемесі ұйымның YouTube-каналында жарияланды. Еске салайық, бүгінде әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 27 миллионнан асты, ал Қазақстанда науқастардың саны 106 425-ке жетті.