Әнші Қарақат Әбілдина алтыншы сәбиін өмірге әкелді. Тағы да әке атанған Қыдырәлі Болманов кіші қызына қандай есім бергенін айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Болмановтар әулетіндегі қуанышты жаңалықты үйдің отағасы Қыдырәлі Болмановтың өзі хабарлады.
Көпшіліктен сүйінші сұрап, жарының тағы да қыз баланы өмірге әкелгенін айтты.
Жұлдызды жұп баланың есімін азан шақырып Айзада деп қойды.
"Алланың нығметі мен рахымын толық сезініп тұрған сияқтымын. Қызымның есімін отбасыммен, балаларыммен ақылдаса келе Айзада деп қойдық. Аялаға ұқсас болсын дедік. Аяланың есімін өзім қойғанмын", - деді продюсер.
Қарақаттың өзі желіде сәбиін аман-есен өмірге келуіне себепші болған ақ халаттыларға рақметін айтты.