Жаңалықтар

Бәрі белгілі болды: Назарбаев «чемпион» атағын алды ма?

Бәрі белгілі болды: Назарбаев «чемпион» атағын алды ма?

 width= ЯСЖТШҰ ұйымы Назарбаевтың "чемпион статусын" алғанын растады және жақын арада толық хабарлама жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі qamshy.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ядролық қарусыздандыру үшін "чемпион статусы" берілген-берілмегені туралы күдіктер қазақ баспасөзінде көтерілген. Бұған себеп БҰҰ Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессияда БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясының Төрағасы Мұхаммад Тижани-Банде және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның экс-президенті туралы "championing" деген сөзді қолданған болса да, "чемпиондық статус" туралы ешқандай сөз айтпаған. Дегенмен Қазақстан сыртқы істер министрлігі Назарбаевқа ядролық сынақтардан азат ету үшін "чемпиондық статус" берілгені жайында ақпарат таратқан. Ал, Azattyq.org және factcheck.kz сияқты сайттар "championing" деген сөзді негізге алып, БҰҰ мен ЯСЖТШҰ-да айтылмаған "чемпиондық статусқа" күмән келтірген. Осыған байланысты Қамшы редакциясы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымына (ЯСЖТШҰ) ресми хат жолдаған. ЯСЖТШҰ журналистердің сауалына жауап берді. Ұйым Назарбаевтың "чемпион статусын" алғанын растады және жақын арада толық хабарлама жасайтынын мәлімдеді. "Құрметті Талғар, Сізге дереу хабарласу мүмкін болмағаны үшін кешірім өтінемін, бірақ мен мұның дұрыстығын растағаныма өте қуаныштымын және біз жақын арада толық хабарлама жасайтын боламыз. Құрметпен, Гилл Тюдор Қоғамдық ақпарат бөлімінің бастығы Құқықтық және сыртқы байланыстар бөлімі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ) Вена халықаралық орталығы", - деп жазылған ресми жауап хатта. Жауаптың ағылшын тіліндегі түпнұсқасы төменде берілді:   Dear Talgar,   I’m sorry I wasn’t able to get back to you immediately but am very glad to confirm this is correct, and we will be making a full announcement very soon.   Best regards, Gill Tudor Chief, Public Information Section Legal & External Relations Division   The Comprehensive Nuclear-Test-Ban Treaty Organization (CTBTO) Vienna International Centre