Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

Нұр-Сұлтанда колледж студенттеріне арналған онлайн-мектеп ашылды

ашық дереккөзі

 width= Нұр-Сұлтанда 4 колледж негізінде ақысыз онлайн-мектеп ашылды. Онда студенттер жыл соңына дейін құрылыс саласына қатысты пәндер бойынша оқи алады. Бұл туралы кәсіпкер Талғат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Бастаманы Нұр-Сұлтан политехникалық колледжі, «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК, М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола көлік колледжі, «Тұран» колледжі қолдап отыр.

«Жыл соңына дейін студенттерге BI Group қызметкерлері, дизайн, жобалау, құрылыс, жобалық-сметалық құжаттар, жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану, HR саласындағы кәсіби мамандар дәріс оқиды», - дейді Талғат Қожахметов.
Онлайн-мектепте медицина ғылымдарының кандитаты, жоғары санатты дәрігер, «Астана медицина университеті» АҚ жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасының доценті, BLS, ACLS халықаралық нұсқаушысы Алексей Кокошконың қатысуымен алғашқы сабақ өтіп, ол дәрісті тыңдаушыларға құрылыс нысандарындағы еңбек қорғау жайын айтып берді.  width=  width=

Жүктелуде...