Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина пандемияға дейін жасала бастаған

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина пандемияға дейін жасала бастаған

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина пандемияға дейін жасала бастаған
ашық дереккөзі
 width= Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина COVID-19 пандемиясы басталғанға дейін шамамен екі жыл бұрын жасала бастаған. Бұл туралы Н.Ф.Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, академик Александр Гинцбург "Известия" басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, 25 жыл бойы ғылыми қызметкерлердің үш буыны препарат әзірлеу технологиясының жұмысына тер төккен. Бастапқыда ол зақымдалған жерді ауыстыру үшін денеге сау адамның генін енгізу арқылы гендік терапия үшін қолдану жоспарланған. 2014 жылы бұл әдіс векторлық вакциналарды жасау үшін, атап айтқанда Эбола вирусына қарсы қолданылған. Ол екі жыл бойы инфекция ошағы болған Африканың Гвинея елінде сынақтан өтіп, қауіпсіздік пен иммуногенділік бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен. Осы технология негізінде коронавирусқа қарсы алғашқы препарат 2-2,5 жыл бұрын жасала бастаған.
"Біз COVID-19-ға қарағанда 40 пайызға жуық өлімге әкелетін MERS деп аталатын басқа коронавирусқа қарсы вакцина жасауға тапсырма алдық. Бұл клиникалық сынақтардың екінші кезеңін соңына дейін жеткіздік, қателеспесем 220 ерікті бұл вакцинаны алды. Ол өзінің қауіпсіздігін, жоғары иммуногенділігін көрсетті. Осы уақытта COVID-19 пандемиясы басталды. Сондықтан MERS вакцинасымен жұмыс істеген қызметкерлер COVID-19-ға қарсы препарат жасауға ауысты", - деп түсіндірді ғалым.