Аргентинада де ла Эмпрес университетінің оқытушысы ZOOM арқылы онлайн-дәріс өтіп жатқан кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, 46 жастағы Паола де Симоне студенттерге арналған онлайн-дәріс кезінде дем жетпей, тұншыға бастаған. Көп ұзамай ол есінен танып, қайтыс болған. Деміге бастағанда студенттер жедел жәрдем шақыру үшін де Симоненің мекенжайын білуге тырысыпты, бірақ әйел қайда тұратынын атай алмаған.
Тамыздың соңында де Симоне Twitter-дегі парақшасында бір айға жуық уақыт бойында коронавирус белгілері бар екенін жазған екен.