Жолдау – бізден, мына қоғам белсенділерінен қолдау табуы тиіс!
Жолдау – бізден, мына қоғам белсенділерінен қолдау табуы тиіс!
Бүгінгі таңда жаһандық өзгерістер ғасырында біздің алдымызда көптеген жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер бар. Олар өмірдің барлық салаларына және әрқайсымызға қатысты. Бұл мүмкіндіктерді уақытында тану және оларды жақындарының, айналадағы барша азаматтардың және жалпы елдің игілігі үшін пайдалану маңызды.
Сондай ақ, еліміз үшін атаулы оқиғаның бірі «Nur Otan» партиясының партияішілік сайлау праймеризі болды. Праймериз сайлауына тіркеліп, ағымдағы уақытта әрбір адамның күнделікті кездесіп жүрген мәселелерімен бөлісуді жөн көрдім. Мен үшін, бұл әлемдік тәжірибеден өткен шараның орны ерекше. Белсенді әр азамат өз ойын қоғам алдында жеткізудің үлкен мүмкіндігі деп ойлаймын.
Осы орайда, ағымдағы жылы қыркүйек айының бірінші жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өз жолдауын жолдады. Жолдауда айтылған 7 қағида туралы, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және медицина саласын жүйелі жетілдіру шаралары маңызды рөлге ие.
Медицина саласының өкілі ретінде, мемлекет басшысының денсаулықты сақтау жүйесін дамыту бойынша үкіметке бірқатар тапсырмасы маңызды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатындығын атап өтті. Барлық дәрі дәрмектің Қазақстанда өндірілу керектігін алға қойды. Жылдың аяғына мемлекетімізде 13 жаңа жұқпалы аурухана салынады және 2025 жылға қарай елімізде денсаулықты сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан берілетіндігін алға қойды. Бұл деген, қаншама қаржы бөлініп, медицина саласына үлкен мән беріліп отырғандығын көрсетеді.
Жаңа заманның экономикалық дамуы 7 қағидаға бағдарлануы тиіс,- деді, мемлекет басшысы. Жиналыс барысында екінші қағида экономиканың жаңа замандағы дамуы және шағын және орта бизнестің рөлі маңызды екендігін атап өтті. Өзім дәрігерлікпен қатар кәсіпкерлікті де қатар алып жүрген азамат ретінде бізге шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы үшін нақты шаралар тиісті деңгейде орындалуы қажет екендігін айтқым келеді.
Толқын Ақанұлы «Nur Otan» партиясының ПРАЙМЕРИЗ партияішілік сайлау науқанына қатысушы үміткер, дәрігер. жеке кәсіпкер,ақын, композитор