«Шындыққа тура қарап, келіссөздер мәселесін талқылағанша, соғысқа дайындалайық. Келіссөздер болмайды, мен оның жолын көріп тұрғаным жоқ. Әзірбайжан келіссөздерге дайын емес, ол Армения тарапын атқылап, атом станциясын жарып жіберуге ниетті. Қандай келіссөз жайлы айтуға болады?» — деді ол.1991 жылы Таулы Қарабақта соғыс басталып, аталмыш аймақ Әзірбайжаннан тәуелсіздігін жариялаған болатын. 1994 жылғы келісімге қарамастан, Армения мен Әзірбайжан арасында соғыс жағдайы сақталып келеді.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ