Жаңалықтар

Ресейлік вакцинаның кері әсері анықталды

Ресейлік вакцинаның кері әсері анықталды

 width= Қазақстандық зейнеткерлерге коронавирусқа қарсы екпе салынбауы мүмкін. Өйткені әлемде алғаш деп мақтанған ресейліктердің вакцинасының кері әсері табылды. Енді аяғы ауыр әйелдер, балалармен қоса, жасы 60-тан асқандар бұл екпені ала алмайды. Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник 5» вакцинасынан көз алмай бақылап отыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ktk.kz сайтына сілтеме жасап. Нұрлыбек АСЫЛБЕКОВ, ҚР ДСМ комитет төрағасының орынбасары: - Бұл вакцина клиникалық сынақтан өткізіліп жатыр. Ол сынақтар екпені алып жатқан 1000 адамның ағзасына тигізер әсерін айқындап береді. Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының деректері бойынша, препараттың бірінші және екінші фазасында жанама әсерлер болған. Біз әрі қарай вакцина құрылымын зерттеп, қорытынды шығарамыз. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер Қазақстан қазір таңдаудың екі ортасында тұрғанын және көрші елмен жасасқан келісім-шарт вакцинаны Ресейден сатып алуды міндеттемейтінін айтады. Шамамен он күн бұрын еліміз ресейліктердің екі миллион дана вакцинасын сатып алуға келіскен-ді. Препарат барлық клиникалық сынақтан өткен бойда елге жеткізіледі. Қауіп тобына кіретін қазақстандықтарға иммундау тегін және ерікті негізде жүргізілмек.