Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жантүршігерлік оқиға: үйге келген сантехник үш адамды пышақтап кеткен

Жантүршігерлік оқиға: үйге келген сантехник үш адамды пышақтап кеткен

Жантүршігерлік оқиға: үйге келген сантехник үш адамды пышақтап кеткен
ашық дереккөзі
 width= Алматыда ер адам үш адамды пышақтап тастады, біреуі алған жарақатынан көз жұмды. Қашып кетпек болған күдіктіні полицейлер қолға түсірді. Жантүршігерлік қылмыс Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде болды. Полицияның хабарлауынша, ер адам үйде сантехникалық жұмыстарды істеген. Оның еңбегінің ақысын төлеу мәселесіне келгенде жанжал шығады. Қаскөй үйдегі әйел мен оның шешесін, кейін көршісін пышақтап тастаған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі polisia.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Алған жарақатынан 1988 жылы туған әйел оқиға орнында көз жұмды. Оның анасы – 1957 жылы туған әйел мен 1985 жылғы көршісі шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Күдікті қылмыс орнынан қашып кеткен. Алайда оны учаскелік инспектор аумақты тексеру кезінде ұстады", - дейді Түрксіб аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы Таңат Назанов.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аяқталғаннан кейін күдікті ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалады.