А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…Ахмет Байтұрсынұлы көптеген көркем аудармалармен айналысқан. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», т.б.Міржақып Дулатов
Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, Табылса оңай олжа, ортақ жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған Үрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым. Білмейсің жөнің менен терісіңді, Ел болып іс етпейсің келісімді. Үміт қып бәйге атындай талай қосып, Байқадық шабыс түгіл, желісіңді. Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса, Шығасың қолыңа ала керісіңді. Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде, Көрдік қой жайылатын өрісіңді. Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар, Қайтейін өзге десе көнгішіңді. Сықылды сынық бұтақ төмендесең, Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!
А.Байтұрсынұлы "Жұртыма" өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы 8 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден озды.