Даурығуға негіз жоқ!

05 Ақпан, 2019 770 0

Тәуелсіз елдің айғағы – Ата Заңымыз бар, біз бақытты елміз. Конституция – қоғамдық және саяси жүйенің негізгі принциптерін қаласа, елдің елдігін арттырып, бірлігін бекемдейтін – Президент екені анық. Елбасы Н.Назарбаевтың ақыл-парасаты мен көрегендігі елге ғана емес, бүкіл әлемге мәлім. Оның саяси аренадағы беделі қазіргі таңда күннен күнге артып келеді. Президент ауқымды жаһандық жобалар мен ел мәртебесін көтеретін түрлі институционалдық реформаларды жүзеге асырып келеді. 
Бүгін Конституциялық Кеңеске Президент Н.Назарбаевтың ҚР Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініші тапсырылғаны белгілі болды. Бұл жайтты кейбір адамдар сан-саққа жүгіртуде. Алайда, заңнамада кейбір кемшін кеткен тұстар болса, оны дер кезінде жөндеу де қажет. Мысалы, Конституцияда Президентті алмастыру жолдары иә болмаса, оның өз еркімен отставкаға кету жағдайы қарастырылмаған. Бұл басқа әлем елдерінің конституцияларында анық жазылған екен. Демек, жауабы жоқ сауалға Конституциялық кеңес жауап беруі тиіс. Бұл дегеніңіз – мерзімінен бұрын сайлау өтеді деген сөз емес. Бар-жоғы, заңнамаға өзгеріс енгізу. Бүгін де, ертең де саяси реформалар орын алмайды. Бүгін де, ертең де Елбасының сарабдал саясатының арқасында соңғы Жолдауда айтылғандай, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, тұрмыс сапасын арттыру, адами капиталға басымдық беруді жүзеге асыруға күш салатынымыз анық!


Әсет ӘССАНДИ, 

Түркістан облысы

Тегтер: назарбаев, қазақстан, түркістан, түймебаев, конституция, жаңалықтар, кеңес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.