Пандемия дәуірі ұзақ болады: коронавирус тек алғашқы індет
Пандемия дәуірі ұзақ болады: коронавирус тек алғашқы індет
Адамзат пандемия дәуіріне өтті, дүние жүзін жаулап алған коронавирус алдағы індеттердің тек алғашқысы болуы мүмкін. Бұл туралы америкалық ғалымдар - АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи мен эпидемиолог Дэвид Моренс мәлімдеді, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі BuzzFeed сайтына сілтеме жасап.
Сарапшылар алдағы жылдары пандемияның қарқыны үдеуі мүмкін екенін болжаған. Ал аурудың тарауының негізгі себебі - ормандарды кесу, қалалардың көптігі мен жабайы жануарларды сату болуы мүмкін.
"Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады", - дейді Моренс.Моренс пен Фаучидің сөзінше, адамдар эпидемияны төтенше жағдай енгізу арқылы емес, өмір сүру стилін өзгерту арқылы жеңе алады. Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 4 қыркүйекте дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 344 473-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны - 869 569.