БҚО-да коронавирус індетінен 6 медицина қызметкері қайтыс болды
БҚО-да коронавирус індетінен 6 медицина қызметкері қайтыс болды

"Өкінішке қарай, дәрігерлеріміздің арасында вирус жұқтырғандар да болды, олар да екі миллион теңге көлемінде өтемақы алды. Жалпы 70 адамға төлем берілді. Қайтыс болған алты медицина қызметкеріне қатысты материалды талдау бойынша комиссияның отырысы өтіп жатыр. Олардың отбасына 10 миллион теңге беріледі", - дейді Каюпов.БҚО бас дәрігерінің сөзінше, облыста 30 мыңнан аса қосымша ПТР-тест бар, оны кез келген ауруханада тапсыруға болады. 5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында COVID-19 жұқтырғандардың саны 6775-ке жетті, оның ішінде, 6210 адам аурудан айықса, 97 адам қайтыс болған.