Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сыныптасының 4 қойын заңсыз сатып жіберген

Сыныптасының 4 қойын заңсыз сатып жіберген

Сыныптасының 4 қойын заңсыз сатып жіберген
ашық дереккөзі
 width= Арыс аудандық ПБ кезекші бөліміне ауылдың бір тұрғыны өзінің малын бағуды сеніп тапсырған танысы оның мал жайылымынан 4 қойын заңсыз сатқаны туралы арызданған, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Кентау қаласы әкімдігінің facebook парақшасына сілтеме жасап. Жәбірленушіге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен төрттен бір миллион теңгені құрады. Басқа адамдардың қойларын сатқаннан кейін қойшы мал жайылымын тастап, қылмыс орнынан қашып кетті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша Арыс АПБ-ның СДТБТ-не тіркеп, жасырынған күдіктіні іздеуге кірісті. Арыс ПБ-нің полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны Арыс қаласында ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы болып шықты. Ұсталған шопанды тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған қойлар заңды иесіне қайтарылды.