Түркіменстанда 11 сарбаз қаза тапты: көрші елде не жағдай?

Түркіменстанда 11 сарбаз қаза тапты: көрші елде не жағдай?

ашық дереккөзі

 width= Тurkmen.news сайтының хабарлауынша Серхетабад аймағында Тақтабазар шекаралық отрядының 11 сарбазы көз жұмған. Қайғылы жағдай аталмыш аймаққа бара жатқан жолда болған. «Аталмыш аймақтың жолы таулы, қыратты аймақтан өтеді. Әзірге әскери көліктің қалай аударылып кеткені белгісіз. Өкінішке орай көліктегі 40 сарбаздың 11 қаза тапты. Ауыр жарақат алғандар көп» дейді сайттағы ақпаратта. Сайттың хабарлауынша қайғылы оқиға жайлы Түркіменстан билігі айтуға тыйым салған, ал қарапайым халық ақпаратты білсе де, талқылауға қорқады. «Осылайша біздің сарбаздарымыз жаңғақ теруге аттанып, жолда көз жұмуда. Әлемдегі ең қауіпті шекарада дұшпанмен шайқасып емес, өз міндетіне жатпайтын шаруаға аттанып, қаза табуда. Отанды қорғадық деген осы ма…», — деп ашулана жазады сайт басшылығы. Жаңғақ алқабы Серхетабад аймағындағы  200 гектар аумақта орналасқан.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...