weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресей мен Беларусь арасында ортақ валюта болады

Ресей мен Беларусь арасында ортақ валюта болады

Ресей мен Беларусь арасында ортақ валюта болады
ашық дереккөзі
 width= Ресей мен Беларусь «Одақтас ел» жобасы аясында ортақ валюта енгізуге дайындалуда дейді ТМД істері бойынша комитет басшысы Леонид Калашников «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында. «Ортақ валюта болады, өйткені бұл жолдағы жұмыс жүргізіліп, орталықтар да құрылды. Қазіргі таңда Беларусь елі ортақ валютаға келіседі деп ойлаймын», — деді Калашников. Оның ойынша ортақ валюта мен ортақ парламентті енгізу екі елдің конституциясын да өзгертуге себепкер болады. Дәл осы мәселе Путин мен Лукашенконың жақын арада Мәскеуде өтетін кездесуінде талқылануы мүмкін. Бұған дейін Ресейдің Мемлекеттік Думасында ортақ валютаны 2030 жылға дейін енгізетіні айтылған. Лукашенко ортақ валюта идеясына келісіп, алайда оның қазіргі екі елдегі рубль емес, мүлде бөлек валюта болатынын айтқан еді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ