Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Зейнетақы қорындағы ақша: жас шамасына қарай берілетін қаражат мөлшері жарияланды

Зейнетақы қорындағы ақша: жас шамасына қарай берілетін қаражат мөлшері жарияланды

Зейнетақы қорындағы ақша: жас шамасына қарай берілетін қаражат мөлшері жарияланды
ашық дереккөзі
 width= 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады. Осыған орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін «жеткіліктілік шегін» жарияланды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап. Жеткіліктілік шегі мөлшерін алдын ала есептеу әртүрлі жастағы адамдар үшін мынадай болады:  width= «Жеткіліктілік шегі» - белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы, ол кірістен БЖЗҚ-ға (ЕТЖ-дан төмен емес) болашақтағы тұрақты 10 пайыз зейнатақы жарналарын ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінде 82 жасқа дейінгі зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зейнетақы қаражатының бір бөлігін пайдалану құқығы 2021 жылдан бастап берілетін болады. Зейнетақы жинақтарының бір бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін алынуы мүмкін. Егер мақсатты пайдалануға қажет болса, отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады.