Kaspi.kz бес баласын жоғалтқан отбасының несиесін жабатынын мәлімдеді

05 Ақпан, 2019 2859 0

Kaspi.kz банкінің басшылығы бір күнде бес баласын жоғалтқан Ситерлер отбасының несиесін кешіру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банктің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды. Kaspi.kz Дамир Аспан есімді желі қолданушысының жазбасына осылай пікір қалдырған.



Айта кетейік, Астанада 4 ақпанға қараған түнде ауданы 30 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде өрт шығып, 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған қыз балалар қайтыс болып кеткен еді.


Дереккөз: Reactor

Тегтер: Каспи, кредит, Ситер, Kaspi.kz

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.