Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосатын жаңа қадам. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жиында айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Алдағы уақытта сарапшылардың пікірінше, халқымыздың саны 19 миллионға ал, мемлекет құраушы ұлт – қазақтардың үлесі кемінде 78 пайызға жетеді деп күтілуде. Бұйыртса, айналасы отыз жылдың ішінде қазақтардың ел халқындағы үлес салмағы 1991 жылғы 39 пайыздан екі есе артқалы отыр. Ендігі кезекте ұлтаралық келісімді сақтай отыра тіл және басқа да ұлттық мәселелерді қоғамда айқынырақ айтуға негіз бар деп есептейміз», - деді Мемхатшы. Қырымбек Көшербаев.
«Тексіздік – тілсіздіктен басталады» деген сөзді тілге тиек етті. «Бұл бағытта Елбасының бастамасымен латын әліпбиіне көшу – мемлекеттік тілдің дамуына жасалған жаңа бетбұрыс. Жаңа әліпби қоғамның барлық саласына енуі керек. Жаңа әліпби қазақ тілінің ХХІ ғасырдағы ақпараттық технологиялар тіліне айналуына жол ашады. Яғни, қазақ тілінің жаңа дәуірі басталады! Бұл да ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастырудағы негізгі факторға айналмақ», - деді ол.