Танымал океанолог Жак-Ив Кустоның ұлы Жан-Мишель Кусто Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жан-Мишель Кусто хатында Мемлекет басшысы және экология министрлігіне елімізде дельфинарийлерді жабу бастамасы үшін алғыс айтқан. Оның хатын Freedolphinskazakhstan белсенділері жариялады.
Сондай-ақ, ол Жан-Мишель Тоқаевқа Қазақстанда дельфиндерді ұстауға тыйым салу мәселесі қарастырылатынын БАҚ-тан білгенін жазған.
"Біз сізге осы бастама үшін алғыс айтамыз. Бұл ниетіңізді толығымен қолдаймыз", - деп жазды Кусто.
Сонымен қатар, "Мұхиттардың болашағы" қоғамының басшысы кейбір елдер бетон резервуарларында киттер мен дельфиндерді ұстауды тоқтату және дельфиндер көпшіліктің көңілін көтеру мақсатында пайдаланбау мәселесін қарастырып, тиіс қадамдар жасап жатқанын атап өтті.
"Ғылыми зерттеулер дельфиндер мен киттердің тұтқында болуы стресс әкелетінін растады. Олар табиғат аясында өмір сүретін дельфиндер мен киттерге қарағанда қысқа өмір сүреді", - деді ол.
Жан-Мишель Кусто былтыр Ресей үкіметімен бірге жүздеген теңіз жануарын сақтап қалу бойынша жұмыс істегенін атап өтті.
"Біз кит тұқымдастарды тұтқында ұстауға тыйым салу бастамасы ортақ мұхиттарымыздың болашағын қорғау үшін өте маңызды деп санаймыз. Біз сіздің осы жануарларды қорғауға деген адалдығыңызды қолдаймыз", - деді ол.
Сондай-ақ Кусто басқаратын Қоғамның ресми YouTube-арнасында Қазақстан халқы мен үкіметіне бейнеүндеу пайда болды.
Айта кетейік, Жан-Мишель - танымал океанолог Жак-Ив Кустоның үлкен ұлы. Ол қоршаған орта туралы деректі фильмдерімен танымал.
Еске салайық, осыған дейін табиғатты қорғаушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, дельфиндерді босатуды сұраған еді.