Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов коронавирустың келесі толқынының негавтитік болжамына үкіметтің дайын екенін айтты. Бұл туралы ресми өкіл Ұлттық арнадағы «Ашық алаң» ток-шоуында мәлімдеді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Кез келген болжамның үш түрі болады. Біреуі негативтік, екіншісі болуы мүмкін – орташа, үшіншісі позитивтік. Қазіргі уақытта Денсаулық министрлігі және үкімет негативтік сценарийге, негативті болжамға дайын. Егер де негативті сценарий орын алатын болса, онда Қазақстанда 50 мыңнан астам адам жақын арада осы індетке шалдығуы мүмкін. Ал оның алдын алу үшін барлық емханалар қазіргі уақытта дайын. Бұрынғыдай дәрі-дәрмек жоқ деген емес, қазір бар», - деді ол.
Айта кететін жайт, ДДСҰ қыркүйек-қазан айларында коронавирустың екінші толқыны жойқын болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.