Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Кәсіпкерді отбасымен бірге өлтірген: күдіктілер 8 айдан бері табылған жоқ

Кәсіпкерді отбасымен бірге өлтірген: күдіктілер 8 айдан бері табылған жоқ

Кәсіпкерді отбасымен бірге өлтірген: күдіктілер 8 айдан бері табылған жоқ
ашық дереккөзі
 width= Оралда үш бірдей адамды өлтіргендер Ресейде жасырынуы мүмкін. Отбасымен бірге өлтірілген оралдық кәсіпкердің өліміне қатысты тергеу сегіз ай жүргізіліп жатыр. Күдіктілер әлі де ұсталған жоқ, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
"Қылмыскерлер полиция оқиға орнына келгенше ізін суытты. Қылмыс болған жерде іздер қалған, айғақ заттар табылды. Саусақ іздері де тексерілді", - деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы Николай Колоницкий.
Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстың мән-жайын анықтап, күдіктілер Ресейде жасырынуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Күдіктілер туралы ақпарат көрші өңірлерге жіберілді. Запрометовтар отбасының мүшелері 2020 жылдың 14 қаңтарында Янайкино ауылында өлтірілді. Өрт сөндірушілер жеке үйдегі жалынды ауыздықтаған кезде үш мәйіт тапты. 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, әйелі және 42 жастағы ұлының денесінде бірнеше пышақ жарақаты болды.