Коронавирустан қайтыс болғандар қауіпті: Олар бөлек жерлене бере ме?
Коронавирустан қайтыс болғандар қауіпті: Олар бөлек жерлене бере ме?

"Шілденің басында коронавирустан қайтыс болғандарды арнайы зиратқа жерлеуді тоқтату туралы шешім қабылданды", - деді Бекшин.Дей тұрғанмен, санитар дәрігер коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу кезінде арнайы сақтық шараларын сақтауды ұмытпау керек екенін еске салды.
"Бұл жағдайда коронавирус инфекциясының қоздырғышы топырақта 9 күн сақталуы мүмкін. Оның үстіне, инфекцияны денеден шығармау үшін барлық шара қолданылады. Яғни мәйіт дезинфекциялық ерітіндіге малынған мақта матамен оралады. Қабір және қабір қазуға арналған құралдар өңделеді", - деп түсіндірді Бекшин.Сондай-ақ қабіршілер де арнайы қорғаныс киімдерін киеді. Бұған дезинфекциялау қызметінің қызметкерлері қатысады. Олар жеке қорғаныс құралдарын өңдеп, артынан өртеп жібереді.