Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Лукашенко Беларусь-Украинаны біріктіріп, екі елге ортақ басшы болғысы келген

Лукашенко Беларусь-Украинаны біріктіріп, екі елге ортақ басшы болғысы келген

Лукашенко Беларусь-Украинаны біріктіріп, екі елге ортақ басшы болғысы келген
ашық дереккөзі
 width= 2014 жылы Украинадағы саяси дағдарыс сәтінде Беларусь басшысы Александр Лукашенко екі елді біріктіріп, ортақ одақтас елдің басшысы болғысы келгендігі жайлы Onet порталына берген сұхбатында Еуропалық кеңестің бұрынғы басшысы Дональд Туск мәлімдеді. «Украинадағы саяси дағдарыстың шиеленіскен сәтінде, Минск ЕО, Ресей мен Украина арасында көпір қызметін атқарды. Бірде Лукашенко маған хабарласып, беларусь-украин одағының президенті болғысы келетінін, сол арқылы жағдайды реттей алатынын, аталмыш идеяны ЕО елдерінің басшыларына айтып, оларды көндіруімді сұрады», — дейді Туск. Тусктың ойынша Лукашенко бұл қадамға биліктен айырылып қалу қаупі туындағандықтан барған.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ