Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өзбекстан ЕврАзЭСке кіреді: басқа жол жоқ

Өзбекстан ЕврАзЭСке кіреді: басқа жол жоқ

Өзбекстан ЕврАзЭСке кіреді: басқа жол жоқ
ашық дереккөзі
 width= «Өзбекстанға жоғары технологиялар мен кәсіби мамандар, инвестиция ағымы мен жұмыс орындары ауадай қажет. Сондықтан Өзбекстан бұл міндеттерді шешуі үшін Еуразиялық Экономикалық Одаққа түбі кіреді, басқа балама жоқ» дейді экономист Ахмет Бурханов. Экономистің ойынша Өзбекстан одаққа 2022 немесе 2023 жылы кіреді. «Өзбекстан одаққа кіргеннен кейін 5−10 жыл бойы бейімделуі тиіс, алайда уақыт тым аз болғандықтан, оның бейімделуі 3-5 жыл аралығында өтеді. Одақтың ұзақ күтетін уақыты жоқ» дейді сарапшы. «Мәскеу Ташкентке одақ аясында жаңа жұмыс орындары мен жоғары технологиялар, сауда орталықтарын ұсынбақ. Өзбекстанның маңызды сауда жолдары Қазақстан мен Ресей арқылы өтеді. Сондықтан Өзбекстанда басқа балама жоқ. Одаққа кіру арқылы Ташкент ІЖӨ көрсеткішін 4%-ға дейін көтере алады» дейді экономист.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ