Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды

04 Ақпан, 2019 632 0

Мысырда 50 мумия жерленген мазар табылды, деп хабарлайды newsroom+ Қазақпаратқа  сілтеме жасап.

Тоғыз метр тереңдегі мола Мысырдың Минья провинциясындағы Туна әл-Ғәбәл ауданында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған.

50 мумияның 12-сі бала. Олар төрт қабірге бөліп жатқызылған. Мумиялардың кейбірі матамен оралған, кейбіреулері тас табыттарда жатыр.

Қазба жұмыстары кезінде жерлеуге қолданылған бетперделер мен саздан жасалған ежелгі бұйымдар да табылды.

Археологтардың айтуынша, мола Мысыр тарихының грек-рим кезеңіне (б.з.б. 330-305 жж.) тән.


Тегтер: Мысыр, перғауын, қазба, жұмыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.